Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Эйфель мұнарасы келушілерді 16 шілдеде қабылдай бастайды
12:59 / 2021-07-16

Париждегі көрнекті орын, Эйфель мұнарасы оған келушілер үшін 16 шілдеде ашылады деп жоспарланған. Ол өткен жылдың қазан айынан бастап эпидемиологиялық жағдайға байланысты жабылған болатын.

Ресми сайттың хабарлауынша, мұнараның аумағында 11 жастан асқан барлық келушілер медициналық масканы тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы керек. Санымен қатар, бұл орынға күніне 10 мыңнан артық адам кіргізілмейді. 

Франция астанасы Париж қаласының символына айналған Эйфель мұнарасының жұмысын қалпына келтіру үшін бұрын мәжбүрлі демалысқа жіберілген 350 адам жұмысқа қайта оралған.

Эйфель мұнарасын 2024 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындары алдынан қайта бояу жоспарланған. Мұнара соңғы рет 1968 жылы боялған. Енді ол сәулетші Густав Эйфельдің өсиетіне орай мұнара сағыш-қоңыр түске боялады. Оған шамамен 60 тонна бояу қажет (ол 50 млн еуроға бағаланған).