ЭЫҰ-ға мүше елдердің жетекші суретшілері үшін пленэр ұйымдастырылды
Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше елдердің жетекші суретшілерінің қатысуымен 27 наурыздан 6 сәуірге дейін Өзбекстан бойынша «Шахрисабз – Экономикалық ынтымақтастық ұйымының туристік астанасы» тақырыбында пленэр ұйымдастырылды.
Туризм комитетінің хабарлауынша, Бұатаулы шараға қатысушы суретшілері Ташкент, Самарқанд және Шахрисабз қалаларында болып, көне қалалардың тарихи және заманауи келбетін бейнелеуде.
Бұл жобаға Пәкістан, Иран, Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен тәжірибелі суретшілер шақырылған.