Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Expo 2020 Dubai: Өзбекстанның мәдени және туристік әлеуеті халықаралық аренада көрсетілуде
11:31 / 2022-03-26

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында жалғасып тұрған дәстүрлі Expo 2020 Dubai Дүниежүзілік көрмесінде Өзбекстанның мәдени және туристік әлеуеті көрсетілуде.

Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі делегациясының мүшелері БАӘ сапары барысында көрмедегі еліміздің ұлттық павильонымен танысты.

Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің мәліметінше, Өзбекстан павильоны 1739 шаршы метр аумақты алып жатыр және тұжырымдамалық тұрғыдан «Ұтқырлық» ұранымен Ұлы Жібек жолы бойымен саяхат дегенді білдіреді. Павильонда Өзбекстан дамуының тарихи жетістіктері, сондай-ақ соңғы жылдардағы жетістіктер мен болашақ даму стратегиялары нақты баяндалған.

Қазіргі уақытта Өзбекстанның ұлттық павильонына күн сайын орта есеппен 2,5-3 мың адам, демалыс күндері 5-6 мың адам келіп тамашалауда.

Павильонға келушілер өздерін Өзбекстанға келгендей сезінеді. Мұндағы «қолөнер базарында» өзіңізді Өзбекстан базарларында жүргендей сезінесіз.

Өзбек шеберлері жасаған бұйымдар мен өнімдер қашанда шетелдіктерді тәнті етеді. Жібек матасы болса тағы да дүние жүзіне таныла бастады.

көрмеге қойылған ұлттық киімдерді «Виртуалды» киген келушілер суретке түсіп, керемет әсерде Өзбекстанға саяхаттауға ниет білдіруде.

Ұлттық павильонның ел дамуының тарихи беттеріне арналған бөлімінде Өзбекстан жерінде туып-өсіп, артында өшпес із қалдырған көптеген ғалым, ақын, ғұлама, ұлы ойшылдардың өмірі және шығармашылығымен танысуға мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ ұлы бабаларымыздың әлемдік өркениетке қосқан зор үлесі, әлемге әйгілі Самарқанд, Бұхара, Хиуа қалалары, Өзбекстанның туристік әлеуеті туралы жан-жақты мағлұмат беріп тұр. 

<iframe width="699" height="393" src="https://www.youtube.com/embed/yPoxvYMUDHY" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

Өзбекстанның болашағынан сыр шертетін тақырыптық экспозицияда елдің даму стратегиялары, салынатын «ақылды қалалар», жаңа технологиялар мен келешегі зор жобалар көрініс тапқан.

Expo 2020 Dubai дүниежүзілік көрмесіндегі Өзбекстанның ұлттық павильоны даму жолында алға ұмтылған әлем халықтарын біріктіріп, болашақты құру жолында Өзбекстанды жаңадан ашуға, халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызмет ететіні сөзсіз.

ӨзА