Европада футбол маусымы аяқталып келеді
Европа жасыл алаңдарында футбол маусымы аяқталып келеді.
Европа жасыл алаңдарында футбол маусымы аяқталып келеді.
Өткен апта соңында Германия Бундеслигасында соңғы тур ойындары өтті. Онда «Бавария» өз алаңында «Айнтрахт Франкфуртты» қабылдап 5:1 есебінде жеңіп Бундеслигада чемпион атанды.
Мюнхендіктер сапында ойын көрсеткен бірнеше футболшылар клубтағы соңғы ойындарын өткізді. Олар Арьен Роббен, Франк Рибери және бразилиялық Рафинья.

Уэмблиде өткен «Манчестер Сити» мен «Уотфорт» арасындағы Англия кубогында Манчестерлік команда 6:0 есебінде жеңіске жетіп, осылайша «Қалалықтар» өз тарихында 6 рет Ангия кубогын жеңіп алды.

Испанияда «Барселона» Ла Лигадағы жеңісті біраз алдын атап өткен болса да, 38 турда «Эйбарға» қарсы кездесуде 2:2 есебімен маусымды жеңіспен аяқтай алмады.
Италия А Сериясында «Ювентус» мерзімінен алдын чемпиондықты нақтылаған болсада соңғы төрт ойында жеңіске жете алмай келеді. Кеше түнде өткен кездесуде Италия кубок иелері «Аталантаға» қарсы өткен ойында 1:1 есебімен аяқталды. Осылай «Ювентус» А Сериядағы чемпионы атанды.

Осы ойыннан соң «Ювентустың» португалдық шабуылшысы Криштиану Роналду скудетто және А Сериядағы үздік ойыншы марапатына ие болды. Жейдесінде жеті саны жазылған Роналду осылайша Англия, Испания, Италияда алғашқы ең үздік және чемпион атанған футболшыға айналды.
