Еуропа жасыл алаңдарында өтетін футболдан құрлықтық чемпионаттың іріктеу топтық кездесулері аяқталып финалдық ойындардың барлық қатысушылары белгілі болды.
Онда, кешегі өткен кездесулерде соңғы төрт жолдама Венгрия, Солтүстік Македония, Словакия және Шотландия құрамаларына бұйырды. Ал, осы топтар арасында ең тартысты топ «F-тобы». Өйткені мұнда екі әлем чемпионы Германия, Франция және Еуропа-2016 жылғы жеңімпазы Португалия орын алған.
Евро—2020 чемпионатының финалдық қатысушылары келесідей:
А-тобы. Италия, Түркия, Уэльс, Швейцария
В-тобы. Бельгия, Ресей, Дания, Финляндия
С-тобы. Украина, Нидерланды, Австрия, Солтүстік Македония
D-тобы. Англия, Хорватия, Чехия, Шотландия
E-тобы. Испания, Швеция, Польша, Словакия
F-тобы. Германия, Португалия, Франция, Венгрия
Еске салар болсақ, коронавирус пандемиясына байланысты Еуро-2020 байрақты бәсекесі 2021 жылға қалдырылған еді. УЕФА қазіргі кезде құрлықтық доданың нақты қай елдер аумағында өткізу жайын ойластыруда.