Эво Моралес Боливиядан қашып шығып Мехикодан пана тапты
Моралесті әуежайдан Мексика сыртқы істер министрі күтіп алды.
Қарашаның 10-ы күні отставкаға кеткенін мәлімдеген Боливияның экс-президенті Эво Моралес елдегі наразылықтардың салдарынан өзіне саяси баспана беруге ниет білдірген Мексика астанасы Мехико қаласына бүгін жетіп келген.
Моралесті әуежайдан Мексика сыртқы істер министрі күтіп алды.
2006 жылдан беріге болив халқын басқарып келе жатқан Эво Моралес үндістер затынан шыққан алғашқы президент саналады. Ол осы өзінің кандидаттығындағы төртінші реткі президенттік сайлауда әділетсіз жеңіске жеткендігі анықталып халықтың наразылығына себеп болған.
Боливия халқы оны халықты тонағандықта айыптап, үйіне от қойған. Бұл жағдайларды Моралес елдегі төңкеріс деп айтып, мен өзге жұртқа кетіп бара жатсамда әрқашан барлық жағдайға дайын тұрамын және мықты болып ораламын, деген.