Эверестте 5G байланысы пайда болды
«China Mobile» компаниясы жаңа станцияны 150 арнайы білгір топпен 6500 метрлі биіктікке құрған
Жер бетіндегі ең биік тау шыңы Эверестте 5G байланыс базасы құрылды. Бұл база Қытайдың «China Mobile» компаниясына тиесілі.
«Синьхуа» ақпарат агенттігінің хабарлауынша «China Mobile» компаниясы құрған бұл байланыс базасы Эвересттің базалық алпинистер лагері аумағында орналасқан болып, ол 5300 метр және 5800 метр биіктіктегі құрылған басқа станциялармен бірге солтүстік беткеймен тау шығын толық 5G байланысымен қамтитын болады. «China Mobile» компаниясы жаңа станцияны 150 арнайы білгір топпен 6500 метрлі биіктікке құрған. Алдағы уақытта тауға шығатын алпинистер өздерімен бірге ауыр спутниктік байланыс құралдарын алып жүруіне қажет болмайды.
Эверест әлемдегі ең биік тау шыңы болып, оның биіктігі 8848 мертге тең. Ал осы биіктіктегі 5G байланысының жылдамдығы 2 Гбит/сек тең.