Еуропалық стандарттау комитетімен лицензиялық келісімге қол қойылды
Өзбекстанның Техникалық реттеу агенттігі мен Еуропалық стандарттау комитеті арасында лицензиялық келісімге қол қойылды.
Агенттіктің хабарлауынша, осы келісімге орай ынтымақтастық аясында Еуропалық стандарттау комитетінен (CEN) 119 Еуропалық стандарт алынды.
Бұл Еуропалық стандарттар жергілікті өндірушілерге Еуропа стандарттарына сәйкес өнім шығару, олардың сапасын жақсарту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру және экспортты ұлғайту бойынша практикалық көмек көрсетеді.