Еуропалық Одақ Венгрияға ірі көлемде айыппұл салды
Еуропалық Одақтың соты Венгрияға 200 миллион еуро айыппұл салды.
Euronews мәліметінше, сондай-ақ мигранттарды қабылдаудың жалпы Еуропалық Одақтың ережелерін бұзуға қатысты бұрынғы сот шешімдерін орындаудан бас тартқаны үшін елге кешіктірілген әрбір күн үшін 1 миллион еуро төлеуге міндеттеген.
«Бұл еуропалық заңнаманы бұрын-соңды болмаған және өте өрескел бұзу. Еуропалық Одақтың Әділет соты Венгрияға 200 миллион еуро және кешіктірілген әрбір күн үшін бір миллион еуро айыппұл төлеуге үкім шығарды», делінген хабарламада.