English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Еуропалық Одақ Талибанмен байланыс орнатуға дайын екенін мәлімдеді
09:27 / 2021-08-18

Еуропалық Одақ Талибан Ауғанстандағы соғыста жеңіске жеткенін мойындайды, бірақ оның билігін мойындаудан бас тартпақ. Бұл туралы Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Хосеп Боррель Еуроодақ Сыртқы істер министрлерінің Ауғанстан бойынша бейне конференциясында мәлімдеді.

ЕО көші-қон мен гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін Талибанмен диалогты бастауға дайын.

Талибан соғыста жеңіске жетті, сондықтан біз көші-қон мен гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін Кабулдағы жаңа үкіметтің кім екеніне қарамастан, олармен сөйлесуіміз керек. Бұл Талибанды мойындау емес, тек диалогқа қатысты мәселе», деген Боррель.

Оның айтуынша, Еуропалық Одақ Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастырады. «Ауғанстан халқы гуманитарлық көмекке өте мұқтаж және ол ешнәрсеге қарамастан көрсетіледі. Бұл экономикалық көмекке қатсыс жоқ. Ондай көмектің болуы Ауғанстанның жаңа үкіметінің әрекетіне байланысты болады», - деген.

Боррелл Еуропалық Одақтың қазіргі басымдығы «одақпен ынтымақтастықта болған ауған азаматтарын эвакуациялау» екенін айтты.