Еуропалық Одақ пен Ұлыбритания Brexit туралы келісімге қол жеткізді
Еуропалық Одақ пен Ұлыбритания ұзақ келіссөздерден кейін Brexit-тен кейінгі қатынастар туралы ортақ келісімге келді.
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның кеңсесі хабарында, «Бұл келісім британдық қоғамға 2016 жылғы референдумда және өткен жылғы парламенттік сайлауда берген барлық уәделерін орындауға мүмкіндік береді», - делінген.
Борис Джонсонның өзі Twitter-де бас бармағын жоғары көрсете түскен қуанышты суретті жариялап, «Келісімге қол қойылды» деді.
Ал, Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен: «Біз ақыры келісімге келдік. Бұл ұзақ әрі қате жол болды, бірақ енді біз жақсы келісім ұсына аламыз», - деп, бұл келісім Еуропалық Одақ мүддесіне қызмет етеді деген.
2020 жылдың соңында Brexit бойынша өтпелі кезең аяқталып, Ұлыбритания ЕО-дан шығу процесін 2021 жылдың 1 қаңтарында тәмамдайды.