Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Еуропалық Одақ – Орталық Азия алғашқы саммиті Өзбекстанда өтеді
17:35 / 2025-02-16

Еуропа Кеңесінің Президенті Антониу Кошта мен Еуропа Комиссиясының Президенті Урсула фон дер Ляйен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға ресми сапармен келеді.

Бұл туралы Еуропалық Одақтың Өзбекстандағы өкілдігі хабарлады.

Хабарламада айтылуынша, Еуропалық Одақт пен Орталық Азия елдерінің алғашқы саммитіне Өзбекстан Республикасы иелік етеді. Ауқымды жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан басшылары да қатысады.

– Бұл жиын Еуропалық Одақтың аймақпен ынтымақтастықты кеңейту мүдделерін қорғау мүмкіндігі, – делінген хабарламада. – Қазіргі геосаяси ахуалдың жедел өзгеруі, атап айтқанда, Ресей – Украина соғысы, Ауғанстандағы жағдай Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы байланыстың стратегиялық маңызын арттыруда. 

Еуропа Кеңесінің басшысы Антониу Кошта қазіргі кездегі әлемдік тұрақсыздық пен бөлінушілік жағдайына тоқталып, Еуропалық Одақ үшін бейбітшілік пен өркендеуді қамтамасыз етудің жалғыз жолы – сенімді серіктестік орнату екенін айтты.

– Көпполярлы әлем жағдайында ынтымақтастық белсенді және мақсатты болуы керек. Еуропалық Одақ – Орталық Азия алғашқы саммиті халықаралық құқық нормаларын сақтай отырып, бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақты дамуға деген берік ұстанымымызды көрсетеді, - деген ол. 

Соңғы жылдары Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынас жандана түсті. 2022 жылдың қазанында Қазақстанда, 2023 жылдың маусымында Қырғызстанда жоғары деңгейдегі кездесулер өтті. Сондай-ақ министрлік деңгейінде бірқатар келіссөздер жүргізілді. 2023 жылы Люксембургте тараптар ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі бірлескен «Жол картасын» бекітті. Бұл құжат аймақаралық диалогты нығайтуға арналған нақты іс-қимыл бағыттарын және жоғары деңгейдегі саммит өткізу міндеттемесін қамтиды.

2025 жылдың 4 наурызында Түркіменстанның Ашхабад қаласында өтетін «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» 20-шы министрлер кездесуі негізгі саммитке дайындық шараларын талқылайды.