Еуропалық Одақ елдерінде жаппай вакцинация басталды
Еврокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Еуропалық Одақтың барлық елдеріне коронавирусқа қарсы вакцина жеткізілгенін мәлімдеп, 27 желтоқсаннан жаппай вакциация басталатынын айтты.
«Бүгін біз қиын жылдың парағын қараймыз. Коронавирустық вакцина ЕО-ның барлық елдеріне жеткізілді. Вакцинация ертең бүкіл ЕО аумағында басталады», - деп жазған ол Twitter-де.
Оның айтуынша ЕО-ның барлық елдері вакцинаға бір уақытта қол жеткізген болып, Еврокомиссия төрайымы еуропалықтарды сақ болуға және өздерін қорғауға шақырған.