Еуропалық Одақ елдері COVID төлқұжатын бекітуді кейінге қалдырды
Еуропалық Одақтың көшбасшылары COVID сертификаты жөнінде ортақ келісімге келу үшін 25 мамырда қайта талқылауға келісті.
Еуропалық кеңестің басшысы Шарль Мишель «Біз кеше жасыл сертификат туралы сөйлестік. Оны 25 мамырда (ЕО басшыларының келесі саммитінде) талқылаймыз. Осы маңызды мәселе бойынша ортақ келісімге келу үшін осы тақырыпқа ораламыз деп келістік», - деп мәлімдеді.
ЕО мемлекет басшылары кеше Портудағы кездесуінде коронавирусқа қатысты мәселелерді талқылаған.