Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Еуропалық Одақ Беларусьқа қарсы жаңа санкциялар енгізді
09:22 / 2021-06-25

Еуропалық Одақ Беларусь экономикасының калий және мұнай саласына қарсы санкциялар енгізді. Осы салаларда әзірленген өнімдердің Еуроодақ елдеріне экспорты енді шектелмек.

ЕО ресми журналындағы хабарда, ЕО-ға мүше елдердің Беларусьқа әскери мақсатта қолданылуы мүмкін екіжақты өнімді, сондай-ақ Интернет пен телефон байланысын бақылау немесе ұстап алу үшін қолданылатын технологиялар мен бағдарламалық жасақтаманы сатуға тыйым салынды.

Бұдан бөлек, Беларусьта ЕО-ның капитал нарығына қол жетімділігі шектелді. Еуропа инвестициялық банкі бұл арада мемлекеттік сектордағы жобалар мен техникалық көмек көрсету үшін ресми агенттіктермен келісімшарттар бойынша «кез келген төлемдер мен ақша аударымдарын» тоқтатады.

Сондай-ақ, Еуроодақ аумағындағы елдерден Беларусьқа темекі өнімдерін өндіру немесе қайта өңдеу үшін пайдаланатын тауарларды жеткізуге тыйым салынған.

Құжатта енгізілген санкциялар «Беларусьтағы адам құқықтарының өрескел бұзылуының өршуіне, азаматтық қоғамды, демократиялық оппозицияны және журналистерді агрессивті қудалауға жауап ретінде, сондай-ақ Ryanair ұшағының мәжбүрлі қонуына байланысты салынып жатқандығы айтылған.