Арменияға Әзірбайжанмен шекараны делимитациялауға көмектесуге бағытталған миссия қазан айында жұмысын бастайды және ең көбі екі айға созылады. Оның мақсаты, басқалармен қатар, тараптар арасындағы сенімді нығайту.
Еуропалық Одақ Әзірбайжанмен шекараны делимитациялауға көмектесу үшін Арменияға «азаматтық миссия» жібереді.
Бұл туралы қазанның 7-сі күні Прагада Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Франция президенті Эммануэль Макрон және Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишельдің бірнеше сағаттық кездесуінен кейін мәлім болды.
Келіссөздерден кейін жасалған мәлімдемеге сәйкес, миссия жұмысын қазан айында бастап, ең көбі екі айға созылады. Оның мақсаты – «сенімді нығайту және шекаралық комиссиялардың жұмысына үлес қосу», - делінген құжатта.
Онда Армения мен Әзірбайжан Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына және екі тарап бір-бірінің аумақтық тұтастығы мен егемендігін мойындайтын 1991 жылғы Алматы Декларациясына өз міндеттемелерін растайды.