French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Еуропалық Одақ Apple компаниясына 500 миллион еуро айыппұл салмақ
10:48 / 2024-02-20

Еуропалық Одақ АҚШ-тың Apple корпорациясына бәсекелестік туралы заңды бұзғаны үшін айыппұл салмақшы.

Financial Times басылымының хабарлауынша, технологиялық алпауытқа салынған айыппұл мөлшері шамамен 500 миллион еуроны (539 миллион доллар) құрайды.

Хабарда атап өтілгендей, өткен жылы Еуропалық комиссия Apple-ді App Store ережелеріне байланысты музыкалық стриминг нарығындағы бәсекелестікті бұрмалады деп айыптаған.

2022 жылы Голландия үкіметі Apple компаниясына танысу қолданбасын әзірлеушілерге App Store тетіктерін айналып өтетін балама төлем әдістерін қолдануға жол бермегені үшін 5 миллион еуро айыппұл салған еді.