Еуропалық комиссия қызметкерлерге TikTok қолданбасын пайдалануға тыйым салды. Бұл киберқауіпсіздікке байланысты болған.
Еуропалық комиссияның киберқауіпсіздік қызметі барлық қызметкерлерден штабы Бейжіңде орналасқан ByteDance компаниясына тиесілі TikTok қолданбасын жұмыс құрылғыларынан алып тастауды сұрады.
Тиісті хабарлама 23 ақпан, бейсенбі күні ЕО-ның жоғарғы атқарушы органы қызметкерлеріне келген, Еуропалық Одағының IT сарапшыларынан жұмыс қолданбалары үшін пайдаланылса, бейне бөлісу бағдарламалық құралын жеке құрылғылардан 15 наурызға дейін жоюды сұраған.
Сарапшылар бұл шараларды қызметкерлердің жеке деректерінің қауіпсіздігіне сенімнің жеткіліксіз түсіндіреді.
«Комиссия деректерін қорғау және оның киберқауіпсіздігін жақсарту мақсатында ЕО-ның Корпоративтік басқару кеңесі Комиссияның мобильді құрылғылар қызметтерінде тіркелген корпоративтік құрылғылар мен жеке құрылғылардағы TikTok қосымшасының жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады», - делінген EURACTIV хабарламасында.
ЕК-дан кейін Еуропа Кеңесі жұмыс телефондарында TikTok-ты пайдалануға тыйым салды.
Қытайлық компанияның өкілі TikTok иелерінің EК шешіміне көңілдері қалғанын айтып, компания бұл шешімді «қателік пен негізі сәйкес келмейтін түсініктерге негізделген» деп санайды.