Еуропалық Одақ пен бейне байланыс форматында кездесу өтті
Іс-шара соңында қатысушылар жобаны жылдам іске асыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға және аймақтық ынтымақтастықты нығайтуды мақұлдады
Еуропалық Одақтың «Ұлттық заңнамалық базаны нығайту және Орталық Азиядағы биологиялық қауіпсіздік туралы арнайы оқытуды өткізу» 53-жобасы және осы жоба аясында екі жылжымалы зертхананы жеткізу мен Өзбекстанның COVID-19ға қарсы күрес кезінде қажеттілікті талқылау бойынша ЕО-пен екі бейне байланысты кездесу өтті.
ӨР-ның Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті, Орталық Азиядағы химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық материалдар саласындағы озық эксперименттік орталықтардың аймақтық хатшылығы, Вирусология институты, Еуропалық Одақ, Бундесвер Микробиология Институты (Германия), Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (Қазақстан) және Орталық Азиядағы серіктес елдердің ұлттық үйлестірушілері қатысқан бұл іс-шарада екі жылжымалы зертхананы жеткізу мен қатар ондағы жұмыстарды атқару үшін қажет болатын барша құрал жабдықтар туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар жоба жетекшілері ЕО Орталық Азиядағы серіктес елдерде коронавируспен күрес үшін 700 000 евро бөлген болып, ӨР ұлттық координаторы өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің химиялық және бактериологиялық қаруды тыйым салу туралы конвенцияны қадағалау инспекциясының басшысы Отабек Касимов өзінің қысқаша баяндамасында: ЕО тарапынанбөлінген қаржы аясында ӨР төтенше және жоспралы ауаны және ғимараттың ашық жерлерін үнемі дезинфекциялау үшін ультрафиолет аппараттарын ксенон лампаларымен жедел және жүйелі түрде жеткізу қажеттілігін атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар жобаны жылдам іске асыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға және аймақтық ынтымақтастықты нығайтуды мақұлдады.