Еуропаға саяхаттайтын ең жақсы ел анықталды
Дүниежүзілік Саяхат және Туризм Кеңесінің халықаралық қазылар алқасы 2020 жылда Еуропа елдерінің ішінде саяхаттау үшін үздік едер тізімін жариялады. Онда Португалия төртінші рет World Travel Awards марапатына лайық деп табылған.
1993 жылда негізі қаланған бұл марапаттың берілу тәртібіде саяхатшылар үшін кез-келген қолайлылық жағынан үздік бағаланған елге табысталатын болып, Португалия құрлықтағы елдер арасында туристер үшін үздік мекен екені белгілі болды.
Сонымен қатар, Португалияның көптеген туристік объектілері де осы сыйлыққа ие болды. Атап айтқанда, оңтүстік Альгарв жағалауы да Еуропадағы ең жақсы жағажай курорттық аймағы деп бағаланған.
Үздік туристік ел сыйлығына үміткерлер қатарында Португалиядан бөлек Австрия, Англия, Франция, Германия, Греция, Ирландия, Италия, Норвегия, Испания, Швеция, Швейцария және Түркия елдері де бар болатын.