Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Еуропада үздік клубтардан құралған «Еуропа Премьер-Лигасы» турнирі ұйымдастырылмақ
11:38 / 2020-10-21

Еуропа жасыл алаңдарында жақын арада жаңа ірі футбол турнирі пайда болуы мүмкін


Еуропа жасыл алаңдарында жақын арада жаңа ірі футбол турнирі пайда болуы мүмкін.

Sky Sports-тың хабарлауынша, қазіргі уақытта Англия, Испания, Германия, Италия және Францияның 10-нан астам грант клубы, олар қатарында «Ливерпуль» мен «Манчестер Юнайтед» «Еуропа Премьер-Лигасы» деп аталатын турнир құру туралы келіссөздер жүргізуде.

Ұйымдастырушылар турнирді 2022 жыл ФИФА-ның қолдауымен бастауды жоспарлап, оған 16-18 команда қатысады деп болжауда. Лиганы бастау үшін оған 6 миллиард доллар қаржы қажет екендігі айтылып, қазіргі кезде осы сайысты қолдайтын инвесторлар іздестірілуде.

Еуропа премьер-лиганың әрбір потенциалды қатысушысына 100 миллион доллардан астам кепілдендірілген төлем уәде етілді. Егер ұйымдастырушылардың идеялары жүзеге асса, бұл клубтық деңгейдегі ең бай турнирге айналмақ. Турнир жобасының тұсаукесері осы айдың соңында өтуі мүмкін.