Еуропадағы ең үлкен босқындар лагерінің өртеніп кеткеннен кейінгі жағдайы
Грецияның Лесбос аралындағы мигранттар мен босқындарға арналған ең үлкен «Мория» лагерінде өрт шығып ондағы адамдар басқа орынға қоныс аударды
Грецияның Лесбос аралындағы мигранттар мен босқындарға арналған ең үлкен «Мория» лагерінде өрт шығып ондағы адамдар жан сақтау мақсатында арал маңы мен атыраптағы таулы жерлерді паналаған болатын. Негізі 3 мыңдай босқынға мөлшерленген бұл аймақта 4 есе көп 12 мыңнан астам босқын мен мигрант қоныстанғандығы гуманитарлық ұйымдар тарапынан жиі сынға ұшыраған. Өрт кезінде шамамен 3 мыңнан астам шатыр күлге айналған. Осы жағдайдан кейінгі уақытша лагерге қоныс аударған жандардың бүгінгі жай-күйі Reuters агенттігінің объективінде мынадай көріністе қылаң берген.





