Еуропада коронавирусқа байланысты Рождество жәрмеңкелері тоқтатылуда
Пандемияға байланысты Еуропа елдері жыл сайынғы өтетін дәстүрлі Рождество жәрмеңкелерінен бас тарта бастады
Пандемияға байланысты Еуропа елдері жыл сайынғы өтетін дәстүрлі Рождество жәрмеңкелерінен бас тарта бастады.
«Интерфакс» хабарлауынша, Францияның Страсбург қаласында биыл Рождество жәрмеңкесі өтпейтін болған. 2019 жылы өткен бұл жәрменкеге 2 миллион адам келген.
Бұдан бөлек, Берлин қаласыда Рождество жәрмеңкесінен бас тартқан. Осыған дейін бұл шараға жыл сайын орташа 1 миллиондай адам қатысатын болған.
Ал, Шотландия мемлекеті оны өткізуді жоспралауда. Өйткені ел үкіметінің денсаулық сақтау бойынша кеңесшісі Джейсон Литч баршаны биыл «цифрлы Рождествоға» дайындалуға шақырып, «Рождество әдеттегідей болмайды. Шарада бірнеше отбасы жиналған кезде үлкен топ болып жиналмаймыз. Биылғы жылы бұл керемет өтеді. соған қарамай біз тарифтерді төмендете алсақ, біз азды-көпті қалыпты жағдайда бола аламыз деп үміттенемін. Рождествоны өткізіңіз», - деген Литч.
Ирландия үкіметі Рождество алдынан жағдайды қалыпқа келтіру үшін коронавируспен күресте қатаң шектеулер енгізген.