Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Еуропада ең арзан электромобиль сатылымға шықты
13:16 / 2021-04-12

Латвияның толық жетекті бронды машиналарын шығаратын Dartz компаниясы Nicrob-пен бірігіп, «Еуропадағы ең арзан көлік» деп танылған Freze Nicrob моделін сатылымға шығарды. Автокөліктің бастапқы бағасы - 10 мың еуро.

IXBT-тің хабарлауынша, атаулы өлік моделі Қытайдың әйгілі Wuling Hongguan Mini электромобилінің көшірмесі болып, ол Литвада наурыз айында сатылымға шықты. Dartz компаниясының дерегінше бұл автокөлікке каршеринг және жеткізу қызметі компанияларынан сұраныс жоғары.

Өйткені электромобиль 13,8 киловатт-сағаттық аккумулятормен жабдықталған, бір зарядпен 200 шақырымдай жүре алады. Артқы жағына орнатылған электр қозғалтқышы 13 кВт қуатты және 85 Нм айланушы момент береді. Максималды жылдамдық - сағатына 100 шақырымды құрайды.

Қалаушылар үшін темір тұлпардың 15 мың еуро тұратын премиум нұсқасы бар, оның құрамында көлемді сыйымдылыққа ие батарея, интерьерді материалдармен жабдықталған басқа жаңартулар бар.