French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Еуропа Суперлигасы: Элиталарға арналған турнир басталмай жатып аяқталды
11:42 / 2021-04-21

Екі күн бұрын басталған Әлем футболындағы үлкен төңкерісте УЕФА-ның жеңісімен аяқталды.

Ағылшын клубтарының құрамнан шығуы артынан Еуропа Суперлигасы ресми мәлімдеме жасап, лига жобасын өзгерту шарасын қолдайтынын айтты.

«Еуропа Суперлигасы қазіргі Еуропа футболының мәртебесін өзгерту қажет деп санайды. Қолданыстағы жүйенің жұмыс істемеуіне байланысты біз жаңа еуропалық жарысты ұсындық. Біздің ұсынысымыз футбол пирамидасының тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, спортты дамытуға және пандемиядан туындаған қиын кезеңдерде футбол қауымдастығына көмектесуге бағытталған. Бұл сондай-ақ футболға қызығушылық танытқан барлық серіктестерді үлкен ақшамен қамтамасыз етеді.

Ағылшын клубтарына жасалған қысымға орай құрамнан кететіндігін жариялағанына қарамастан, біздің ұсынысымыз еуропалық заңдар мен нормаларға толық сәйкес келетініне сенімдіміз. Пайда болған күрделі жағдайды ескере отырып, біз жобаны өзгерту үшін қажетті қадамдарды қарастырамыз», - деп Суперлига сөзін келтірген журналист Роб Харрис.

Еуропа Суперлигасының құрылуы екі күн бұрын жарияланды. Турнирге «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Ливерпуль», «Челси», «Арсенал», «Тоттенхэм», «Барселона», «Реал Мадрид», «Атлетико Мадрид», «Ювентус», «Интер», және «Милан» клубтары қатысатын болған. Алайда белгілі бір қарсылықтарға байланысты ағылшын клубтары бұл турнирге қатысудан бас тартты. Соның артынан Еуропа Суперлигасы осындай мәлімдеме жасады.

Telegraph Sport басылымындағы хабарға сай, УЕФА осы турнирге Флорентина Пересті жетекшілік еткені үшін «Реал» клубын Еурокубоктардан шеттету туралы хабар берген. Егер мадридтік клуб президенттікке басқа кандидатты қарастырмайтын болса, «корольдік клубты» құрлықтық жарыстардан шығарылуы айтылған.