Норвегия солтүстіктегі Аннёйа (Andøya) ғарыш айлағын ашты.
Space News хабарлауынша, Корольдік мұрагер ханзада Хокон оның ашылу салтанатына қатысып, символдық лентаны қиған.
Ғарыш айлағы Нордмолда, Аннёйа аралында, Арктикалық шеңбердің ішінде орналасқан. Бұл Еуропадағы алғашқы орбиталық ғарыш айлағы болады деп күтілуде.
Осыдан 9 ай бұрын көршілес Швецияда Эсранж ғарыш айлағы ашылды. Осылайша ғарыш жарысына Норвегия да қосылды.
Германияның Isar Aerospace зымырандық компаниясы ғарыш алаңының ұшыру алаңдарын пайдаланудың айрықша құқығына ие. Инфрақұрылымға ұшыру алаңы, пайдалы жүктерді біріктіру қондырғылары және миссияны басқару орталығы кіреді. Ғарыш айлағынан күн синхронды орбитаға 700 келіге дейін және төмен жер орбитасына 1000 келіге дейін жүк тасымалдауға арналған екі сатылы «Спектр» зымыранын ұшыруға болады. Қазір компания бұл зымыранның соңғы сынақтарына дайындалып жатыр.