Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Еуропа Парламенті қысқа мерзімді визалар туралы жаңа ережелерді қабылдады
17:34 / 2019-04-19

Бұл жайында Еуропарламент хабарламасында мәлімдеген.


Бұл жайында Еуропарламент хабарламасында мәлімденген.

Еуроодақ қысқа мерзімді визаларға өтінім жолдау және оларды беру процедураларын жеңілдетеді, -деп айтылған хабарламада. Сондай-ақ ЕО-ға кірмейтін елдермен миграция саласындағы ынтымақтастыққа түрткі болуы үшін өзінің виза саясатын пайдаланатын болады. 

Бұл өзгерістер 90 күнге дейінгі қысқа мерзімді сапарларға қатысты.

Еуропарламенттің жаңа ережелеріне сәйкес, виза алу үшін өтініштер, сапар жоспарланған күнге дейін алты ай ішінде (алатығұн үш айдың орнына) және кем дегенде 15 күн бұрын берілуі тиіс. 

Бұдан бөлек, визаның құны 60 еуродан 80 еуроға қымбаттаған. Дегенмен, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 6 жасқа дейінгі балаларға жеңілдіктер қарастырылған. Ғалымдар мен студенттер бұрынғыша визалық төлемдерді төлеуден босатылған. 

Қазіргі кезде Шенген аймағына кіру үшін 100-ден астам елдің азаматтарына виза ресімдеу қажет. Соңғы бірнеше жылда виза алуға тапсырылған өтініштердің көлемі 50% артқан. Атап айтқанда, 2009 жылы 10,2 миллион өтініш берілсе, 2016 жылы олардың саны 15,2 миллионға жеткен.

Жоғарыдағы Еуропа парламенті ұсынған жаңа ережені ЕО Кеңесі бекітсе, алты айдан соң өз күшіне енеді.