Еуропа Одағы ресейлік алтынға санкция салды
Еуропалық Одақтың тұрақты өкілдері сәрсенбіде Ресейге қарсы тағы бір санкциялар пакетін мақұлдады.
Euronews дерегінше, жетінші санкциялар пакетінің шектеулеріне жаңа экспорттық бақылаулар мен Сбербанк активтеріне тыйым салу, сондай-ақ ресейлік алтын импортына эмбарго кіреді.
«Біз жаңа ғана Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін бекіттік, оның ішінде алтынға тыйым салу, жаңа экспорттық бақылаулар, Сбербанк активтеріне тыйым салу, 50-ден астам жаңа жеке және заңды тұлғалар», - деп жазған Литваның ЕО-дағы тұрақты өкілі Арнольдас Пранцкявичюс твиттер парақшасында.
Оның айтуынша, жаңа санкциялар тізіміне ресейлік бизнесмендер, журналистер мен саясаткерлер орын алған.