Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Еуропа лигасы: «Манчестер Юнайтед» пен «Вильярреал» финалға шықты
02:31 / 2021-05-07

Еуропа Лигасының финал кездесуіне ағылшындық «Манчестер Юнайтед» пен испаниялық «Вильярреал» клубтары жолдама алды.

Жартылай финал ойындарының жауап кездесуінде, «Манчестер Юнайтед» Римде «Ромадан 2:3 есебінде жеңілді. Бірақ екі ойындық нәтижеге орай (8:5) финалға шықты. Ал, «Вильярреал» Лондонда «Арсенал» клубы мен тең ойын көрсетті, есеп 0:0. Осылайша  алғашқы ойында өз алаңындағы жеңісіне (2:1) байланысты испандық клуб финаға жол тарты. 

Еуропа Лигасының финалдық кездесуі 26 мамырда Польшадағы «Гданьск» аренасында өтеді.