Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Еуропа комиссиясы Президенті Самарқандқа келді
19:12 / 2025-04-02

Самарқанд қаласында 3–4 сәуір күндері «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» алғашқы саммит өтеді.

Бүгін, 2 сәуір күні осынау саммитке қатысу үшін Еуропа комиссиясы Президенті Урсула фон дер Ляйен Өзбекстанға келді.

[gallery-22625]

Жоғары мәртебелі қонақты Самарқанд халықаралық әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов пен өзге де ресми тұлғалар қарсы алды.

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёев төрағалығымен өтетін саммит барысында Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ арасындағы жан-жақты қатынастар мен практикалық әріптестікті дамыту мүмкіндіктері талқыланады.

Еске сала кетейік, бүгін аталмыш саммитке қатысу үшін Еуропа кеңесінің Президенті Антониу Кошта да Самарқандқа келген болатын.

И.АВВАЛБОЕВ, Р.НАЗАРМАТОВ, О.МИРСОАТОВ (сурет), ӨзА