Еуропаның 12 клубы жаңа Суперлига құрылғанын ресми түрде жариялады. Бұл клубтар УЕФА-ның Чемпиондар Лигасын өткізу туралы шешіміне наразылықтарын білдірген.
Жаңадан құрылған турнирде «Реал» «Барселона», «Атлетико», «Милан», «Интер», «Ювентус», «Арсенал», «Челси», «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед» және «Тоттенхэм» клубтары қатысатын болып, Суперлига президенті Флорентино Перес болады.
Егер клубтар бұл жарысты ұйымдастыра алса, оның ойындарынан түскен пайда тең бөлінеді яғни 350 млн доллардан.
Турнир форматы бойынша жарысқа 20 клуб қатысуы көзделген. Онда 15 клуб құрылтай клубы саналады және 5 команда маусымның қорытындысы бойынша қосылады. Командалар 10-нан екі топқа бөлініп, үй және сапар ойындары жүйесінде ойнайды. Әр топтан үздік 3 команда ширек финалға өтеді. Төртінші және бесінші орын алған клубтар екі қосымша ойыннан тұратын плей-офф кезеңінде күш сынасады. Ширек финал және жартылай финал кездесулері де осылай өтеді, ойындар апта сайын өткізіліп тұрады.
Турнирді бастау тамыздың ортасында старт алады деп жоспарланған.
Қазірше атаулы турнирге Германия және Франция клубтары қатыспайтынын мәлімдеген.
Өз кезегінде ФИФА және УЕФА бұл турнирдің басталуына қарсы. УЕФА Суперлига құрылымын қабылдамайтынын және турнирде ойнайтындар Еуропалық және әлемдік деңгейдегі матчтардан шеттетілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Ұйым Суперлига ұсынысын қабылдамағаны үшін неміс және француз клубтарына алғыс айтты. Бұл талапты ФИФА-да қолдайтынын білдірген.