Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Еуропа елдерінде температураның рекордты жағдайы тіркелуде
09:41 / 2022-07-20

Еуропа елдерінде аптап ыстыққа байланысты бірнеше күн қатарынан температура рекордтары тіркеледі.

Meteo-France ұлттық метеорологиялық қызметінің хабарлауынша, Францияның батысында, негізінен елдің мұхит жағалауы белгілі «Атлантикалық қасбет» бойында, 18 шілдеде 64 коммунада абсолютті жылу рекордты тіркелді.  

Елдің оңтүстік-батысындағы Бискарросс коммунасында (Ландес департаменті) 42,6 градус және Нантта (Луара-Атлантика департаменті) 42 градус ыстық байқалған. Аймаққа байланысты 35-тен 40 градусқа дейін және одан жоғары болды. Бургундиядағы Осерде аптап ыстық 41 градустан жоғары көтерілді.

Бельгияның Корольдік метеорологиялық институты сейсенбіде 19 шілде 1892 жылдан бері рекордтық үшінші ең ыстық күн болды деп мәлімдеді.

Атап айтқанда, Брюссельдегі Укл коммунасында метеорологиялық станция 36,4 градусты тіркеді. Бұған дейін 2006 жылы 19 шілде күні байқалған 36,2 градус рекордтық көрсеткіш болып саналған. Аптап ыстыққа байланысты елдің үш провинциясында - Хайно, Батыс Фландрия және Лимбургте ауа-райының қауіптілігінің «қызыл» дәрежесі жарияланды.

Ұлыбританияда бақылаулардың бүкіл тарихында рекорд орнатылды - Хитроу аймағында 40,2 градус ыстық тіркелді. Бұған дейінгі температура рекорды 2019 жылы Кембриджде тіркелген болып, онда температура 38,7 градус болған еді.