Еуропа Чемпиондар лигасының финал кездесуі «Драгау» алаңында өтеді
Футболдан 2020/21 жылғы маусым Чемпиондар лигасының финал кездесуі Түркиядағы «Ататүрк» алаңында өтпейтін болды.
УЕФА Түркиядағы эпидахуалдың нашар болуына байланысты 29 мамырда Ыстамбұлдағы «Ататүрк» алаңында өтуі жоспарланған «Манчестер Сити» мен «Челси» клубының маусымдағы финалдық кездесуін Португалиядағы «Драгау» алаңында өткізуге шешім қабылдады.
Финалға 6 мң жанкүйердің кіруіне рұқсат етілген.
Бұған дейін Британ футбол федерациясы Чемпиондар лигасының финалын Англияда өткізу жөнінде УЕФА-ға ұсыныс хат жолдаған болатын. Бұл хаттама коронавирусқа байланысты «Қызыл» аймақта тұрған Түркия еліне екі ағылшын клубының футболшылары мен қоса финал кездесуін көруге баратын мыңдаған жанкүйерлердің жағдайына алаңдаушылық ретінде жіберілген еді.