Еуропа Чемпиондар лигасы кубогы Ташкентке әкелінбек
атаулы шара «Pepsi-Өзбекстан» бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр
Европа футбол клубтары арасында ең танымал жарыс символы саналушы «қалқан-құлақ» Чемпиондар лигасы кубогы Орталық Азияда алғаш рет Ташкентке акелінбек.
«Pepsi-Өзбекстан» бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылып жатқан «Чемпиондар лигасы кубогы» көрсетілім шарасы 22-23 ақпан күндері Ташкенттегі «Анхор-Локомотив» паркінің «Ахелон» картинг клубында өтеді.
Негізінен атаулы кубок Еуропа елдері аумағына көрсетілімге шыққан мен УЕФА-ға мүше емес мемлекеттерге сирек жағдайда шығарылады. Осы орайда айта кетерлік жайыт Өзбекстан УЕФА-ға мүше емес елдер қатарында.
1955 жылдан бастап Еуропа жасыл алаңында ойын көрсетер клубтар арасында өтетін жарыс қатарына енгізілген күміс кубок, 1992 жылғы маусымнан «Чемпиондар Лигасы» атауына ие болған осынау кубоктың кейінгі иегері «Ливерпуль» командасы.