Еуропа 20 жыл ішінде АҚШ қаруларының негізгі сатып алушысына айналды
Соңғы 20 жыл ішінде алғаш рет АҚШ-тың қару-жарағын ең көп сатып алатын аймақ Таяу Шығыс емес, Еуропа болды.
Бұл туралы "Financial Times" Стокгольм бейбітшілік мәселелерін зерттеу институты (SIPRI) мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.
Дегенмен, Сауд Арабиясы қару-жарақ сатып алу бойынша әлемдегі жетекші елдердің бірі ретінде көшбасшылығын сақтап отыр.
Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, Украинадағы қақтығыстың әсерінен 2020-2024 жылдар аралығында Еуропаның қару-жарақ импорты алдыңғы бес жылдық кезеңмен салыстырғанда екі есеге артқан.