Еуроодақ Украинаның мүшелікке өтуі бойынша келіссөздерді бастау туралы шешім қабылдады
Еуропалық кеңес басшысы Шарль Мишель Украинаның Еуропалық Одаққа қосылуы бойынша келіссөздерді бастау туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Сонымен қатар, Еуропа Кеңесі Молдовамен мүшелік келіссөздерін бастау туралы шешім қабылдады. Мишель Еуроодақтың Босния және Герцеговинамен де келіссөздер бастайтынын, бірақ алдымен бұл ел мүшелік критерийлеріне сай болуы керек деген.
Ол бұл қадамдарды осы елдер мен Еуропа континентіндегі халықтар үшін үміттің айқын белгісі деп атаған.
Сонымен қатар, Еуроодақ саммиті Грузияға одаққа үміткер мемлекет мәртебесін беру туралы шешім қабылданған.