Қабылданған резолюцияда Еуропалық Одақтың Украинаны қолдаудағы табандылығына баса назар аударылған. Шешім жарияланған күннен кейін күшіне енеді, делінген құжатта.
Deutsche Welle басылымының дерегінше, салынған санкциялар келесі жылдың 24 ақпанына дейін ұзарту туралы шешім қабылданған.
Ресейдің атом өнеркәсібіне қарсы санкциялар Еуроодақта дайындалып жатқан санкциялардың оныншы пакетіне кірмейді. Бұл туралы 20 ақпанда Брюссельде өткен Еуроодақ Сыртқы істер кеңесінің баспасөз мәслихатында Еуроодақтың жоғары дипломаты Джозеф Боррелл мәлімдеді.
Боррелдің айтуынша, санкциялардың оныншы пакетіне міндетті түрде электроника, мамандандырылған көліктер, жеңіл автомобильдерге, ұшақтарға, жүк көліктеріне арналған бөлшектер, антенналар мен крандар сияқты әскери мақсатта пайдалануға болатын құрылыс өнімдері, қос мақсаттағы тауарлар, атап айтқанда электронды компоненттер, технологиялар, сирек материалдар, термокамераларды қамтиды.