Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Еуроодақ елдерінде вакцинация сертификаты маусым айында енгізіледі
09:26 / 2021-03-29

Еуропалық Одақ (ЕО) елдерінде вакцина салдырғандық жайлы сертификат маусым айында енгізіледі.

ЕО иммундау жөніндегі комиссары Терри Бретон LCI арнасына берген сұхбатында вакцина алғандық жайлы сертификатты смартфонға жүктеуге немесе қағаз түрінде шығарып алуға болатынын айтты.

Оның айтуынша, бұл мәжбүрлі емес бірақ әуе компаниялары оны талап етуі мүмкіндігін жоққа шығармаған. Ол ЕО құрамындағы 27 ел азаматтары үшін жалпы денсаулық сертификаты болып 15 маусымнан бастап енгізіледі. Бұл құжатта коронавирустық вакцинация туралы ақпарат сақталады.

QR-коды бар құжатта иесінің аты-жөні, туған күні, төлқұжат нөмірі, вакцинация және қандай вакцина қолданылғандығы, оның коронавирусты жұқтырғаны туралы ақпарат бар екендігі атап көрсетіледі.

Мұндай құжатты енгізуден мақсат - Еуропалық Одақ елдері арасындағы қарым-қатнасты қалпына келтіру, адамдарды әдеттегі өмір салтына қайтару және өздері үшін және өзгелер үшін қауіпсіз қозғалуға мүмкіндік беру.