Еуроодақ елдері Ресейге қарсы санкциялар пакетін бірауыздан қабылдады
Еуроодақ елдері Ресейге үлкен зиян келтіретін санкциялар пакетін қабылдауды бірауыздан қолдады, деп мәлімдеді ұйымның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррел.
Борреллдің айтуынша, Донбасстың тәуелсіздігі үшін дауыс берген Госдуманың (Мемлекеттік Дума) 351 мүшесі Еуропалық Одақтың қара тізіміне енгізілген.
Сондай-ақ 27 жеке және заңды тұлға, оның ішінде Ресейдің Донбасстағы операцияларын қаржыландыратын банктер мен ұйымдар да қара тізімнен орын алған.
Боррелл сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путиннің санкциялар тізімінде жоқ екенін айтқан.
Еуропалық Одақ Ресейді келіссөздерге қайтару үшін, соның ішінде БҰҰ мен ЕҚЫҰ аясында үшін дипломатиялық қысымды күшейтуді жалғастырады, деген Боррел.