Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Еурокомиссияның вице-президенті Өзбекстанға келеді
12:40 / 2023-05-13

2023 жыл 17-19 мамырында Еурокомиссияның атқарушы вице-президенті Валдис Домбровскис Өзбекстанға келеді.

«Dunyo» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы 11 мамырда Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің Еуропа елдерімен және ЕО институттарымен ынтымақтастық бөлімінің басшысы Айбек Шахавдинов пен Еуроодақ делегациясының басшысы, Елші Шарлотта Адриан кездесуінде айтылған.

«Кездесуде Өзбекстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны дамыту перспективалары, алдағы екіжақты және аймақаралық іс-шаралар талқыланды», делінген хабарламада.

Ведосмтво дерегінше, 2023 жылғы 17-19 мамырда Еуропалық Комиссияның атқарушы вице-президенті Валдис Домбровскис Өзбекстанға сапармен келеді және Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) жыл сайынғы отырысына қатысады.