French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Еурокомиссия басшысы Киевке пойызбен баратын болды
15:15 / 2022-04-08

Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Польшаның Пшемисль қаласынан Киевке пойызбен жол алды.

Ресми Брюссель ақпаратында, Фон дер Ляйен Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл, Словакия премьер-министрі Эдуард Хегер және бірқатар еуропалық парламентарийлерден тұратын делегация құрамында Киевке жол алды.

Оның Киевте Украина президенті Володимир Зеленскиймен кездесуі жоспарланған.

Урсула фон дер Ляйен - Киев маңындағы Буча қаласындағы қайғылы жағдайдан кейін Украина астанасына кележатқан бірінші жоғары лауазымды еуропалық саясаткер.