Еуро-2020 турниріне қатысатын футболшылар міндетті вакцинациядан өтеді
Еуро-2020 турниріне қатысатын футболшылар міндетті вакцинациядан өтеді, сол үшін УЕФА медициналық нұсқаулық әзірлеуде.
Corriere dello Sport басылымындағы хабарда айтылуынша, белгіленген тәртіп бойынша турнирге қатысушылар вакцинациядан өтуі керек. Бұл түрғыдан тек футболшылар ғана емес Еуропа чемпионатына келетін жанкүйерлер де, коронавирусқа қарсы вакцина алуы керек.
УЕФА жоспары бойынша 600 футболшы яғни 24 команданың 25 өкілі, сондай-ақ әрбір команданың техникалық құрамы мен жаттықтырушылар құрамының мүшелері вакцинациядан өтеді.
Әлемдік пандемияға байланысты Еуро-2020 ойындары 2021 жылдың 11 маусымда басталып, континенттің 12 қаласында 11 шілдеге дейін жалғасады.