Еуро-2020 турнирінің ширек финалына шыққан командалық жұптар белгілі болды
Еуропаның жасыл алаңдарында өтіп жатқан футболдан құрлықтық чемпионаттың 1/8 финал кездесулері аяқталып, ширек финалына шыққан барлық командалық жұптар белгілі болды.
Чемпионат 1/8 финалының соңғы екі матчынд Англия құрамасы Германияны 2:0 есебінде жеңген болса, Украина футболшылары Швециямен ойында 120 + 1 минутта жеңіс голын соғып, өз тарихында тұңғыш рет құрлық біріншілігінің ширек финалына шықты (2:1).
Ширек финалда келесі командалар күш сынасады:
2 шілде
Швейцария - Испания (Санкт-Петербург)
Бельгия - Италия (Мюнхен)
3 шілде
Чехия - Дания (Баку)
Украина - Англия (Рим)