Еуро-2020 турнирі коронавирусқа байланысты қалдырылуы мүмкін
УЕФА вице-президенті Мишел Ува маңызды мәлімдеме жасады
Еуропаның 11 мемлекетіндегі 12 қалада өтуі жоспарланған футбол бойынша «Еуро-2020» жарысы жер бетіндегі тіршілік иесіне қауіп төндірген коронавирусы себеп тоқтатылуы немесе басқа мерзімге қалдырылуы мүмкін, деп мәлімдеген УЕФА вице-президенті Мишел Ува.
24 құрама команданың арасында өтуі керек болған тартысты кездесулер 12 маусымнан 12 шілде аралығындағы ойындар алдынан маңызды мәлімдеме жасаған УЕФА вице-президенті Мишел Ува «біз қазір жағдайды бақылап отырмыз. Футбол ойындары өтетін елдегі жағдайға сәйкес келуі керек. Жарысты тоқтатпауға тырысамыз. Алайда, жағдай нашарласа турнир тоқтатылады» деді.
2019 жылдың желтоқсан айы соңына таман Қытайдың Ухань қаласындағы жануарлар ет базарынан тараған коронавирустың жаңа түрі COVID-19 салдарынан әлемде 3 мыңға жуық адам қазасы тіркеліп, халықаралық өтуі керек шаралар қалдырылып, әуе компаниялар рейстерін тоқтатып немесе басқада маңызды мерекелер өтпей қалуына себеп болуда.