ЕУРО-2020 чемпионатының жеребесі тартылды
Еуропа чемпионаты алдағы жылдың 12 маусымы күні Римдегі «Олимпико» стадионында Түркия – Италия матчымен ашылады.
Бүгін Руминия астанасы Бухарест қаласында ЕУРО-2020 чемпионатының жеребесі тартылып, командалар тобы анықталды.
«А» тобы: Түркия, Италия, Уэльс, Швейцария
«В» тобы: Дания, Финляндия, Бельгия, Ресей
«С» тобы: Голландия, Украина, Австрия, 4-плей-офф жеңімпазы
«D» тобы: Англия, Хорватия, 3-плей-офф жеңімпазы, Чехия
«Е» тобы: Испания, Швеция, Польша, 2-плей-офф жеңімпазы
«Ғ» тобы: 1-плей-офф жеңімпазы, Португалия, Франция, Германия
«Плей-офф» Бір ойыннан тұратын жартылай финал және финалдық ойындар кездесуі (2020 жылдың 26 - 31 наурыз күндері аралығында өтеді). Әр төрттіктен озып шыққан команда жеребе бойынша анықталған орындарға жайғасады. Ол төрттіктер төмендегідей:
1-плей-офф: Исландия – Румыния, Болгария – Венгрия
2-плей-офф: Босния – Солтүстік Ирландия, Словакия – Ирландия
3-плей-офф: Шотландия – Израиль, Норвегия – Сербия
4-плей-офф: Грузия – Беларусь, Косово – Македония
Футболдан Еуропа чемпионаты алдағы жылдың 12 маусымы күні Римдегі «Олимпико» стадионында Түркия – Италия матчымен ашылады.