Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Еуразиялық тау курорттарының альянсы: достық қарым-қатынасты нығайту жолында
16:37 / 2024-11-24

Бүгінгі таңда туризм – экономика өсімінің қозғаушы күші, қоғам өмірінің әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларына айтарлықтай әсер ететін және қызмет көрсету саласында аса маңызды сала. Қазіргі кезде саяхатшылар экологиялық тазалықты жоғары бағалап, сапардан алынған тамаша әрі шынайы әсерді құп көреді. Бұл туризм нарығында экотуризм, мәдени туризм сияқты жаңа бағыттардың пайда болуына түрткі беріп отыр.

Тау туризмі саяхат индустриясында ерекше маңызға ие, себебі ол белсенді өмір салтын ұстануға, табиғат сұлулығынан ләззат алуға және ұмытылмас әсер алуға мүмкіндік береді. Тау-шаңғы курорттары шаңғымен сырғанау және бүкіл отбасына арналған сауықтыру шараларынан бастап, түрлі көңіл көтеру қызметтеріне дейін кең ауқымды қызметтер ұсынуда.

22 қараша күні Ташкентте өтіп жатқан «Жібек жолындағы туризм» көрмесі аясында Еуразия таулы курорттар альянсы өзінің бірінші жартыжылдықтағы қызметінің жетістігін талқылау үшін баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл іс-шара инновациялық ІТ-қызметтер платформаларын дамыту, туристік қызмет көрсетудің бірегей сапа стандарттарын енгізу, корпоративтік университеттің жұмысын ұйымдастыру, аумақтық тау кластерлерін құру және мемлекетаралық туристік бағыттарды қалыптастыру сияқты негізгі бағыттарды қамтыды.

Еуразия таулы курорттар альянсы алты тау курортын қамтиды: «Амирсой» (Өзбекстан), «Шахдаг» (Әзербайжан), «Роза Хутор» (Ресей), «Шымбұлақ» және «Ой Қарағай» (Қазақастан), сондай-ақ MONA Yong Pyong (Оңтүстік Корея) курорттары. Альянстың мақсаты — тұрақты дамуға, мәдени мұраны сақтау мен туристік қызметтердің сапасын арттыруға негізделген ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және тау туризмін насихаттау үшін мықты платформа құру.

Альянс Еуразияда туризмді дамыту катализаторы болып, курорттар қызметін үйлестіреді, кәсіби байланыстар мен жалпы бастамаларды ілгерілетеді, сондай-ақ тау туризмін дамыту стратегиясын әзірлеу мақсатында мемлекеттік органдар, бизнес және қоғаммен ынтымақтастық жүргізеді.

Айта кету керек, альянсқа Оңтүстік Кореядағы MONA Yong Pyong олимпиада курортының қосылуы Еуразия таулы курорттар альянсының ынтымақтастығының ТМД елдерінен тысқары жерлерде кеңейіп бара жатқанын көрсетеді және бұл ұйымның халықаралық беделін нығайтуға қызмет етеді.

Баспасөз мәслихатында альянс құрамына кіретін курорт өкілдері инфрақұрылымды дамыту, көрсететін қызметтер аясын кеңейту мен сапасын арттыру, сандық және инновациялық технологияларды енгізу бойынша жетістіктерімен бөлісті. Курорттардың туристік мүмкіндіктерін кеңейту және қонақтар үшін жайлы жағдай жасауға қатысты жаңа жобалар мен жоспарлар ұсынылды.

Презентацияда 2024 жылғы маңызды оқиғаларғалар жайлы айтылды. Арменияның «Майлер» курорты, Беларусь және Қырғызстан туристік сала өкілдері қатысқан Еуразия таулы курорттары бірінші фестивалі, «Ой-Қарағай» мен «Амирсой» курорттарында альянсқа мүше командалар арасында өткен спорттық жарыстар, Еуразия таулы курорттары альянсының басшылар саммиті, «Содружество» («Достастық») Travel HUB халықаралық туристік форумында тау аймақтарында туризмді дамыту бойынша стратегиялық сессиялар солар қатарында.

2025 жылдың наурыз айында Әзербайжандағы «Шахдаг» курортында Еуразия таулы курорттарының екінші фестивалі өтеді. Оның бағдарламасында қысқы спорт түрлерінің әуесқойлары үшін шаңғы мен сноуборд бойынша тегін шеберлік сабағы, гастрономиялық фестиваль, фольклорлық өнер, корпоративтік университет аясында тау-шаңғы курорттары қызметкерлері үшін оқу модульдері, курорт қызметінің өзекті мәселелері бойынша пікірталас, соның ішінде Әзербайжан мен Кавказ елдерінде тау туризмін дамыту мәселелері қарастырылады.

Баспасөз мәслихатында сондай-ақ, альянстың ресми веб-ресурсы іске қосылғаны жарияланды. Сайтта Еуразия таулы курорттары альянсы мен оның құрамына кіретін курорттар қызметі туралы ақпараттар жарияланатын болады. Жақын арада Еуразия таулы курорттары альянсы курорттарында өтетін спорт, мәдени және көңілашар іс-шараларының Жалпы күнтізбесіне ерекше назар аударылады. Бұл Өзбекстан мен Еуразия өңіріндегі басқа ел туристеріне саяхатын оңай жоспарлап, ең қызықты шараларды таңдау мүмкіндігін береді.

Еуразия таулы курорттары альянсы тау туризмін дамыту тарихында жаңа бет ашып қана қоймай, оның ашықтығы, ыңғайлылығы және тартымдылығын арттыруда. Ұйым ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және инновациялық шешімдерді дамыту үшін өзіндік платформа құрды, сондықтан бұл сала болашақта қарқынды дами түспек.

Алпомиш Машрабхонов, ӨзА