Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Еуразиялық фармацевтикалық саммитінде жаңа бастамалар ұынылды
17:04 / 2024-09-18

Ташкентте 17-19 қыркүйек аралығында өтіп жатқан V Еуразиялық фармацевтикалық саммит фармацевтика саласындағы сарапшылар мен мамандардың басын қосып, маңызды мәселелерді талқылауға арналған.

Саммит аясында «Өндіруші – дистрибьютор – дәріхана желісі: одақтастар ма әлде бәсекелестер ме?» тақырыбында диалог өтті. Іс-шараға Stada компаниясының Еуразия аймағындағы вице-президенті Арминас Мацевичус, «Эмити Интернешнл» (Қазақстан) бас директоры Евгений Землянкин және «Farmacia Familiei» дәріхана желісінің (Молдова) бас директоры Татьяна Койнак қатысты. Сарапшылар Еуразия елдерінің тәжірибесінде фармацевтика индустриясының трансформациясы мен даму перспективаларын қарастырды.

Кейінгі жылдар барысында фармацевтика индустриясындағы өндіруші, дистрибьютор және дәріханалар арасындағы рөлі мен қарым-қатынас айтарлықтай өзгерді. Өндірушілер белсенді ингредиенттерге алдын ала инвестиция салып, препараттарды сақтау, кедендік рәсімдеу және төлемді кейінге қалдыра отырып сату қажеттілігіне тап болып отыр. Бұл жағдай іс жүзінде дистрибьюторлар мен мемлекеттік денсаулық сақтау жүйелеріне демеушіге айлантыруда.

–Технологиялар дамыған қазіргі уақытта тарату мәселесі күрделене түсті: логистикадан басқа, дәрілерді насихаттау жұмыстарын жүргізу қажет, ал бұл міндетті көптеген дистрибьюторлар орындай алмайды, сондықтан өндірушілер бұл функцияларды өз мойнына алуға мәжбүр, – дейді Арминас Мацевичус. – Бұл жағдай таратушыларды логистикалық және микрофинанстық компанияларға айналдырады, бұл өз кезегінде нақтылай ақша алшақтығына әкеледі.

Препараттарды онлайн-тарату мен дәріханалар танымалдыққа ие болып келеді, алайда бұл сегмент белгіленген ережелердің бұзылуы, сондай-ақ тіркелмеген және жалған дәрі-дәрмектердің сатылуынан зиян көруде.

Логистикалық мәселелер дәрі-дәрмек жеткізілімдерінің кешігуіне әкеліп соғады, бұл дәріханалардағы өнімдердің қолжетімділігіне әсер етеді және бизнес-процестерді қиындатады. Құқықтық кедергілер де белгілі бір қиындықтар туғызады – дәріхана желілеріне қатаң реттеуші нормаларға бағынбайтын заңсыз онлайн-сервистермен бәсекелесу қиын. Осыған байланысты нарықтың барлық қатысушыларына тең жағдай жасау үшін құқықтық базаны қайта қарау қажет.

Спикерлердің болжамына сәйкес, алдағы 5-10 жыл ішінде онлайн-сатылымдар одан әрі басымдыққа ие болады, бұл дегеніміз дәрі-дәрмектердің едәуір бөлігі интернет арқылы сатып алынады. Осыған орай нарықтың «көлеңкелі аймаққа» өтіп кетуін болдырмау үшін айқын ережелер мен реттеу шаралары қажет.

Баяндамашылар технологияларға тақырыбында, бүгінгі таңда жасанды интеллект (ЖИ) пен роботтандыру фармацевтикалық бизнестің ажырамас бөлігіне айналып жатқанын атап өтті. Бұл технологиялар қорларды басқару, сұранысты болжау, өндіріс процесін автоматтандыру және басқа да логистикалық функцияларды орындауға қабілетті. Онлайн-қызметтердің дамуы пайдаланушылар тәжірибесін жақсарту, жеткізу тізбектерін оңтайландыру және онлайн-консультацияларды қолдау үшін ЖИ-ды кеңінен интеграциялауды талап етеді.

Десе де, автоматтандыруға қарамастан, «тірі» фармацевтикаға деген сұраныс өзекті болып қала береді, өйткені олар күрделі медициналық жағдайларда, арнайы тапсырмаларды орындауда және кеңес беру қызметтерін ұсынуда өте маңызды рөл атқарады. Екінші жағынан, электронды рецепттер және басқа да жүйелер адам ресурсына түсетін жүктемені азайтып, фармацевттерге күрделірек міндеттерге назар аударуға мүмкіндік береді.

Қатысушылар қорытындылай келе мемлекеттің, дәріхана желілерінің және дистрибьюторлардың ынтымақтастығы ұлт денсаулығын қамтамасыз етуде және фармацевтикалық сектордың тұрақты дамуында табысқа жетудің кілті болып табылатыны туралы ортақ пікірге келді.

А.Машрабханов, ӨзА.