«Uzbekistan Airports» компаниясы мен Италияның «EU Wings Srl» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Келісім аясында итальяндық компания Ташкент, Бұхара, Науаи, Үргеніш, Наманган және Ферғана халықаралық әуежайларында ұшақтарға желілік қызмет көрсетеді.
Қызмет көрсетілетін ұшақ түрлері арасында Airbus 319, 320, 321, 330, Boeing 737, 767, 777, 787, Embraer RJ 170/190 және ATR 42/72 бар.
Келісімшарт талаптарына сәйкес, «EU Wings Srl» компаниясы жоғарыда аталған әуежайларда авиакомпаниялардың талаптарына сәйкес техникалық қызмет көрсетеді. Бұл өз кезегінде Өзбекстан әуежайларына жаңа шетелдік әуе тасымалдаушыларын тартуға қолайлы жағдай жасап, қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Екі компания арасындағы ынтымақтастық биылғы жылдың 26 наурызында құрылған. Ташкентте өткен «MRO Central Asia» жөндеу және техникалық қызмет көрсету конференциясы мен көрмесі аясында «Uzbekistan Airports» басқару компаниясы мен итальяндық «EU Wings Srl» компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған еді.