Супер орта салмақтағы абсолютті чемпион Сауль «Канело» Альварес DAZN-нің мамырда Дмитрий Биволға және қыркүйекте Геннадий Головкинге қарсы екі жекпе-жек өткізу туралы ұсынысын қабылдады.
ESPN ақпарат көзінің хабарынша,келіссөздер әлі жалғасуда және түпкілікті келісім жасалмаған.
Альварестің WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы чемпионы Дмитрий Биволға қарсы жекпе-жегі 7 мамырға жоспарланған, ресейлік боксшы ол үшін келісімшартқа отырды. ESPN MX хабарлауынша, бұл жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді деп жоспарланған.
IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпионы қазақстандық «GGG» Геннадий Головкинмен келіссөздер басталған. Жекпе-жек ол келісімге қол қойған жағдай өтеді. Бірақ ең алдымен ол Канеломен үшінші жекпе-жегін 17 қыркүйекте өткізу үшін оған WBA чемпионы Риото Муратаға қарсы жекпе-жекте жеңіске жету керек. Жекпе-жек өтетін күні әлі жарияланған жоқ, бірақ ол сәуір айында өтеді деп күтілуде. Қазіргі кезде Головкин Муратаға қарсы жекпе-жекке дайындықты бастаған.