Эрлинг Холланд «Golden Boy» сыйлығының егері атанды
2003 жылдан бастап жыл сайын Еуропаның 21 жасқа дейінгі үздік футболшысына берілуі дәстүрге айналған «Golden Boy» сыйлығы биыл «Боруссия Дортмунд» клубының 20 жастағы норвегиялық шабуылшысына нәсіп етті.
18 реткі сыйлық иегері Эрлинг Холланд: «Мен бұл марапатқа ие болғаныма қуаныштымын. Бұл маған үлкен жетістікке жетуге түрткі болады. Мен жаңа мақсаттарға қол жеткізіп, алға ұмтылуды қалаймын", - деген «Tuttosport» басылымына берген сұхбатында.
Италияның «Tuttosport» басылымының бас редакторы негізін қаланған атаулы сыйлықты ең алғаш рет нидерладылық футболшы Рафаэль ван дер Варт алған.
Ал, сыйлықтың соңғы 3 жылғы лауреаттары «Атлетико Мадрид» шабуылшысы Жоао Фелиш (2019), «Ювентус» қорғаушысы Маттиас де Лигт (2018) және «ПСЖ» шабуылшысы Килиан Мбаппе (2017) болды.